Еркін күрестен ел намысын қорғаған құрама олжалы оралды, деп хабарлайды 24.kz.
Биылғы әлем чемпионаты Париж қаласында өткен болатын. Жерлестеріміз арасынан, орта салмақтағы Ақжүрек Таңатаров қола жүлдегер атанды. Ал аса ауыр салмақтағы Мамед Ибрагимов үшінші орынға күресте қарсыласқа жол берді. Сондай-ақ 2 балуан үздік жетіліктен табылды. Бұл Қазақстан құрамасы үшін айтарлықтай жетістік болып саналады. Өйткені алдағы жылы Азия ойындары және тағы бірқатар маңызды жарыс күтіп тұр. Күрес шеберлерін Астана әуежайынан туыстары, достары және жанкүйерлері күтіп алды.
"Бұндай деңгейдегі жарыс күрес тарихында бірінші рет өтіп тұр. Өте керемет жағдайда өтті. Сәйкесінше спортшылар да мықты дайындықпен келіпті. Оларды ұту оңай болған жоқ", - дейді әлем чемпионатының жүлдегері Ақжүрек Таңатаров.